Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов өңірдегі су шаруашылығы инфрақұрылымының қазіргі жағдайымен танысты. Үкімет басшысы «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішін аралап, оңтүстік өңірлерді тұрақты сумен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқықбұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.
Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи музейі – түркілердің рухани ұстазы атанған Ясауи мұрасын дәріптейтін бірегей мәдени нысан. 2024 жылдың наурыз айында есігін ашқан музей – тарих пен танымды тоғыстыратын рухани орталық.
Қаржылық сауаттылық — бүгінгі заманда әрбір адамға қажет өмірлік маңызды дағды. Қаржыны тиімді басқара білу – тұрақтылық пен сенімді болашақтың кілті. Осы тақырып аясында Түркістан жұртшылығының бұл бағыттағы көзқарасын білейік.
Түркістан қаласында орналасқан балалар ойын алаңдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл Түркістан» мекемесінің мамандары жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Қала аумағындағы бірнеше алаңда тозығы жеткен ойын элементтері ауыстырылып, сынған жерлері қайта қалпына келтірілуде. Бұл – балалардың алаңсыз ойнауына жасалып жатқан маңызды қадамдардың бірі.
«VAPE OUT– ЖАРҚЫН ӨМІРГЕ ЖОЛ АШ! Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылының мәдениет үйінде осы атаумен іс-шара өтті. Шараны Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды. Іс шара Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасын насихаттау және зиянды әдеттерге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыруға бағытталған.
Түркістандық жасөспірімдер рухани-мәдени дамуға ерекше көңіл бөліп, өнер саласында да белсенділік танытуда. Олар ұлттық өнерді ұлықтап, дәстүрлі әннің қыр-сырын меңгеруде. Солардың бірі – «Дәстүрлі ән» үйірмесінің жас өнерпаздары.
Сырлы сөзбен жүрекке жол салған ақын — Сайлаухан Жоланов. Ол – тек жырдың ғана емес, ән мен ойдың иесі. Жаңақорған жерінде дүниеге келіп, бүгінде Сауран ауданында тұратын ақын ел руханиятына өзіндік үлесін қосып жүр. Оның жырлары мен әндері оқырман мен тыңдарман көңілінен орын тапқан.
Түркістан қаласында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Жасыл Түркістан» мекемесі санитарлық тазалық пен суару жұмыстарын бірлесіп жүргізуде. Автоматтандырылған суару жүйелері қолданысқа енгізіліп, гидрантты жүйелер арқылы көгалдарды уақытылы және үнемді суару іске асырылуда. Аумақ таза ұсталып, жасыл желектердің көркі жаңарып келеді.
Республикамыздың бірқатар өңірінде қаржы пирамидасының заңсыз әрекеті әшкереленді. Сондай-ақ, қара ниетті қара тірлікке қатысы бар адамдар сот алдында жауап беруде. Алаяқтыққа құрылған қаржылық схема көптеген азаматтардың қалтасына қастандық жасап, миллиондаған шығын келтірген.