10 Май 2026, Вс

Uncategorized

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 560 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ БІЛІМ АЛАДЫ

Түркістан облысында 2025-2026 жаңа оқу жылында 560 мыңнан астам оқушы білім алады. Аймақтағы мектептердің жаңа маусымға дайындығы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде пысықталды. Жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қоғамда алаңдатқан өзекті мәселелер ортаға салынды. Кеңес мүшелері әскери қызметке шақыру жүйесі, көпқабатты тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты ұсыныстарын айтты. Кеңеске жауапты сала мамандары мен тиісті мекеме өкілдері қатысты.

ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА САЛТАНАТТЫ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Ұлттық ұланның 5574 әскери бөлімінде 69 жас сарбаз Отан алдындағы әскери ант қабылдады. Бұл – жас ұландардың өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам. Салтанатты шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары мен әскери бөлім ардагерлері қатысты. Олар сарбаздарға ізгі тілектерін білдіріп, елге қызмет ету – абыройлы міндет екенін атап өтті.

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Көркем гимнастика өңірде кеңже дамығанымен, бұл спорт түрімен айналысатын жастар да аз емес. Бүгінде балаларды гимнастикаға баулитын үйірмелердің бірі “Túrkistan Arena” спорт кешенінде орналасқан. Онда 40-тан астам спортшы дайындықтан өтуде. Мың бұралған ару қыздардың дайындығы мен жағдайы жайлы толық білейік.

АБАЙ ЕЛІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Семай қаласында Түркістан облысының мәдениет күндері жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара хакім Абайдың 180 жылдығына арналды. Қос өңір арасындағы рухани байланысты арттыру мақсатында өткізілген мәдени шараларға жергілікті жұртшылық пен қала қонақтары белсенді қатысты.

АБАЙ МҰРАСЫН АРДАҚТАҒАН ОНКҮНДІК БАСТАЛДЫ

«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың ұлы ойшылы, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлына арналған мәдени онкүндік басталды. «Абаймен ойлан, Абаймен толған» атауымен өткен салтанатты ашылу рәсімі – ақын мұрасын насихаттауға арналған ауқымды жобаның бастамасы.

ДОП ОЙНАҒАН ОЗАР

Олимпик спорт кешенінде қазіргі таңда балалар спортын дамытуға барынша жағдай жасалған. Заманауи талапқа сай жабдықталған орталықта әлемдегі ең танымал спорт түрі – футбол да ерекше орын алады. Қазір мұнда 40-тан астам бала доп қуалап, жасыл алаңның жарқын жұлдызына айналуға ұмтылуда.

ХАЛЫҚТЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕР – БАС НАЗАРДА

Халықпен кері байланыс – билік үшін маңызды. «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалында өткен жеке қабылдауға арнайы қала, аудандардан келген тұрғындар инфрақұрылымдық мәселелерге қатысты бірқатар шағымдарын жеткізді.Ауыл тіршілігіне қатысты көтерілген түйткілдер бойынша маңызды мәселелер сарапқа салынды.

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі облыс халқының білім саласының мамандарымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – Түркістан облысында ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелерін талқылау.