Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев азаматтарды жеке қабылдады. Кезекті қабылдау облыс орталығындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде өтті. Кездесуде тұрғындар түрлі сала бойынша өз өтініштерін жеткізді.
Түркістан облысында елді мекендердің бас жоспарларын жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Қазіргі таңда өңірдегі 801 елді мекеннің 794-і бас жоспармен қамтылған. Ал қалған 7 ауылдық елді мекеннің құжаттары биыл толық әзірленбек. Жалпы, қала құрылысы мен сәулет саласындағы жүйелі жаңғырту шаралары
Абай ақынның әр сөзі – тәрбие, әр ойы – өнеге. Бүгін Қамар апа балабақшасында өткен ерекше шара – соның айғағы. Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай бүлдіршіндерге арналған тағылымды кездесу өтті. Балғын балаларға ақын өлеңдерін жаттатқызып, ойын арқылы ой салған бұл күн ата-аналар үшін де әсерлі сәтке айналды.
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры биыл 28 жылдығын атап өтуде. Қор кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға нақты құралдар ұсынып келеді. 2025 жылы жаңа бағдарламалар мен кепілдік тетіктері іске қосылып, мыңдаған кәсіп иелеріне тиімді мүмкіндік берілді.
Түркістан облысының Шардара ауданында ауыз сумен қамту мәселесі жіті бақылауға алынды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров ауданға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Қазіргі таңда Шардара қаласы мен оған қарасты елді мекендерде ауыз су тапшылығының алдын алу бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Түркістан қаласындағы Ұлы Дала Елі орталығында қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Әлем таныған Абай» атты кітап көрмесі өтті.
Түркістан облысында жастар саясатына баса назар аударылып келеді. Биылғы жылдың алғашқы жартысында ғана 215 мыңнан астам жас түрлі әлеуметтік, кәсіптік және танымдық шаралармен қамтылды. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасуға, білім алуға және кәсіп бастауға мүмкіндік беріліп отыр.
Түркістан қаласындағы жазғы жүзу бассейні – балалар мен жасөспірімдер үшін ең қолайлы әрі пайдалы демалыс орындарының бірі. Бүгінде мұнда 150-ге жуық бала тұрақты түрде жүзумен айналысып жүр. Олардың қатарында 10 жастағы Дүйсенбай Асылмұрат та бар. Ол бұл бассейнге қатысып жүргеніне екі айдан асты. Жаттықтырушысының айтуынша, жас спортшы үздік нәтижеге жетіп келеді.
Түркістандық жасөспірімдер жан-жақты дамып, спорт арқылы өз қабілеттерін шыңдауда. Солардың бірі – Алинұр Қанатұлы. Ол дзюдо үйірмесіне қатысып, төзім мен тәртіпке баулитын спорттың қыр-сырын меңгеруде.
Түркістан облысында заң талаптарын сақтамаған 22 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарты тоқтатылды. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.