Биыл қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге және «Абай күніне» орай Түркістанда рухани мәні бар іс-шара өтті. Түркістан облысының әкімі мен ардагерлер, зиялы қауым өкілдері ұлы ақынның мұраларын насихаттады. Атап айтқанда, облыс әкімі Нұралхан Көшеров, Облыстық ардегерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, еңбек ардагері Жарқынбек Құлбайымбетов, Облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов Түркістандағы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Түркістан облысы білім басқармасының «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» жанынан құрылған білім беру ұйымдарында профилактикалық бағдарламаларды енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысы аясында семинар-тренингі ұйымдастырылды.Семинар атауы «Суицидтік мінез-құлық бойынша оқушыларды қолдау! Аталған шара Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтті.
Бүгін Түркістан қаласында білім саласы үшін маңызды жиын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жаңа филиалы – облыстық кәсіби даму институтының ашылу салтанаты өтті
Шардара» су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты су жеткізу мәселесі туындаған болатын. Осыған орай облыс әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, іс-қимыл алгоритмі бекітілген. Бас су торабының І көтеріліміндегі сорғыға қажетті су жетпеуіне байланысты қосымша су айдағыш насос орнатылып, су құбыры іске қосылды.
Түркістанда азаматтық қоғам өкілдері XII өңірлік форумында бас қосты. Жиында әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық белсенділікті арттыру жолдары талқыланды. Форум жұмысы бірнеше панельдік сессиялармен жалғасуда.
«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты рухани іс-шараға Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Сауран және Түркістан қаласының біріктірілген басқармасының жеке құрамы қатысты. Әдеби кештің басты мақсаты – ұлы ақын мұрасын насихаттап, жастарға өнегелі тәрбие беру.
Түркістан қаласында «Бүгінгі көшбасшы – кешегі тұлғадан үлгі алады» атты жастармен еркін форматтағы кездесу өтті. Ашық аспан астындағы кездесуде қала әкімі Пазылбек Әзімбекұлы арнайы қатысып, жас буынмен ашық сұхбат құрды. Шараның мақсаты – өңірден шыққан көрнекті тұлғалардың өмір жолын үлгі ету арқылы жастарды отансүйгіштікке, көшбасшылыққа және белсенді азаматтық ұстанымға баулу.
Түркістан қаласында мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халықтың құқықтық сауатын арттыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» өтті. Шараны Департамент ұйымдастырып, азаматтарға кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстанда он жылда бір рет өткізілетін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл – тек статистикалық рәсім емес, сонымен қатар аграрлық сектордың шынайы ахуалын айқындайтын, мемлекеттік жоспарлауға негіз болатын стратегиялық маңызды науқан. Санау науқаны биыл 1 тамыз бен 20 қазан аралығында ұйымдастырылады.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталған кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, аудан мен қала әкімдерінің жауапты өкілдері онлайн және офлайн форматта қатысты.