«Қоғам вейпке қарсы – жастардың таңдауы салауатты өмір» атты Шаян ауылында мәдениет үйінде форум өтті. Шараны Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды. Форум Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасын насихаттау және зиянды әдеттерге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыруға бағытталған.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркия Республикасының инвесторымен бейнебайланыс арқылы келіссөз жүргізді. Кездесу барысында өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және халықаралық әріптестікті нығайту мәселелері сөз болды.
Түркістан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы кешенді шаралар жалғасуда. Өңірде 781 елді мекенде кенелерге барлау жүргізіліп, 62 мыңнан астам кене сынамасы алынған. Зерттеу нәтижесінде 136 кене үлгісінен қауіпті дерттің қоздырғышы анықталған.
Түркістан қаласында кіші футболдан өткен «Әуесқой Футбол Лигасы» 2025 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті. Шара Ұлы Дала Елі орталығында ұйымдастырылып, спорт сүйер қауымның басын қосты.
Түркістан облысында аса қауіпті аурулардың алдын алу және диагностика жұмыстарын күшейтуге басымдық беріліп отыр. Биылғы 6 айда төрт түлік пен үй жануарларына 9,9 миллион доза вакцина егіліп, жоспардың 83 пайызы орындалды. Облыс әкімдігі жиынында осы салада атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер талқыланды.
Түркістан облысында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 286 дерек тіркеліп, оның ішінде 118 жағдай бойынша әкімшілік шаралар қолданылып, 29 факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Осы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанындағы кеңес отырысы ұйымдастырылды.
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында орналасқан «Қазата» шаруа қожалығы Байсары тұқымды қой өсіру арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып келеді. Шаруа қожалықтың иесі — Қанат Алпысбае. Ол қой шаруашылығын 1997 жылдан бері қолға алып, бұл салада үздіксіз еңбек етіп келеді.
Түркістан қаласында еліміздің жетекші өңірлік университеттері қатысқан брифинг өтті. Жиында университет өкілдері өз оқу орындарының басты артықшылықтарын ортаға салып, талапкерлерге жасалып жатқан мүмкіндіктерді таныстырды. Сонымен қатар, олар құжат қабылдау тәртібін түсіндіріп, ата-аналар мен үміткерлердің сұрақтарына нақты жауап берді.
Биыл күзде Түркістан қаласында халықаралық талаптарға сай Woosong University Kazakhstan оқу ордасы өз жұмысын бастайды. Құрылысы толық аяқталған заманауи ІТ университет қазір талапкерлерді қабылдауда. Осыған байланысты Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған депутаттар университеттің жұмысымен танысты.