Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес және Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының бекітуімен 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Іс-шара барысында әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлері мен ойын-сауық сауда кешендерін аралау жұмыстары жалғасуда
Елімізде энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ұлттық жоба қолға алынды. Басты мақсат — тұрғындарға сапалы әрі сенімді қызмет көрсету және инфрақұрылым тозуын азайту.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Төлеби ауданындағы туризм саласының дамуы мен туристік нысандардың қызметін зерделеді. Халық қалаулылары өңірде жүзеге асырылған жобалармен танысып, туризм саласын дамыту бағытындағы жоспарларды талқылады. Депутаттық комиссия алдағы уақытта да өзге де туристік аймақтарға барып, олардың жұмысымен таныспақ.
Қаламызда кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Кеңес мүшелерімен бірге Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаменті мен жер қатынастары басқармасының өкілдері, облыстық прокуратура, қала және аудан әкімдіктерінің жауапты мамандары, сондай-ақ өңір кәсіпкерлері қатысты.
Түркістан облысы Ордабасы ауданында заманауи қыш зауыты пайдалануға берілді. Ықыластемір елді мекенінде орналасқан өндіріс орны «Altyn Land» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке инвестициясы есебінен салынған. Нысанның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Нұралхан Көшеров зауыт ұжымына табыс тілеп, жаңа кәсіпорынның өңір экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті.
Түркістан қаласында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны әлі де көп. Биыл бірнеше жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп, жүздеген отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы бірнеше көпқабатты үй аяқталып, кезекте тұрған отбасыларға кілт тапсырылады деп жоспарлануда.
Түркістанда мемлекеттік қызметке жастарды тарту жұмыстары жалғасуда. 2018 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанынан «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебі ашылған еді. Жоба талантты студенттердің қабілетін дамытып, мемлекеттік қызметке бағыт-бағдар беруге арналған.
Түркістан облысында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары қатаң бақылауда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекендерді таза ауыз сумен қамту көзделген. Бұл бағытта өңірде жаңа су құбырларының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Түркістан облысында жас кітапханашылардың кәсіби дамуына арналған ауқымды республикалық форум өтті. Бұл жиынға еліміздің 12 қаласынан келген жас мамандар қатысып, жаңа жобалармен танысты. Шара жас кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың мамандыққа деген қызығушылығын оятуға бағытталды.