Түркістан қаласында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық іс-шара басталды. 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» акциясы аясында полиция қызметкерлері қала аумағында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бұл шара құқық бұзушылықтардың алдын алып, полиция мен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.
Түркістан қалалық мансап орталығы алдағы гранттық конкурс нәтижелерін жариялауға дайын. Бұл бастама өңір жастарының кәсіпкерлікке қызығушылығының артқанын көрсетеді.
Түркістан облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жұмыстарының нәтижесінде 92 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті хабарлады. Департамент өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың өтініштері мен арыздары тұрақты бақылауда.
Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары күшейтіліп келеді. Әскерилер мен азаматтық қызметшілерге парақорлықтың зардабы мен заң алдындағы жауапкершілік кеңінен түсіндірілді.
Түркістан қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Конституция – Мемлекеттіліктің берік тұғыры» атты интеллектуалдық QUIZ сайысы өтті. Шараны Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті мен Мемлекеттік басқару академиясының филиалы бірлесе ұйымдастырды.
3,7 млрд теңгені жымқырып Camry мен Land Cruiser көліктерін тізгіндегендер темір торға тоғытылды. Жаза басқандар Шардара аудандық білім бөлімінің қызметкерлері.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаетың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімдігінде тұрғындар үшін жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы орайда, облыс басшысы Нұралхан Көшеров жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, талап-тілектерін тыңдады. Жауапты сала басшыларымен бірге мәселелердің оңтайлы шешу жолын қарастырды.
Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында және Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Тіл шебері» республикалық байқауы өтті. Шараға еліміздің 15 өңірінен іріктеліп келген мемлекеттік қызметшілер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушылар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Кентау қаласында Білім күні мен Жұмысшы мамандықтар жылына арналған облыстық іс-шара ұйымдастырылды. Кентау политехникалық колледжінің бастамасымен өткен шараға өндіріс өкілдері мен жаңа оқу жылын бастаған студенттер қатысты. Бұл бастама жастардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындап, жаңа оқу жылының ерекше басталуына жол ашты.
«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы Әйелдер қанаты бүгін Кентау қаласында «Әйел аманаты» жобасы аясында ауқымды шара өткізді. «Денсаулық керуені» деп аталатын бастаманың мақсаты – әйелдердің, соның ішінде жүкті әйелдер мен жаңа босанған аналардың денсаулығын тексеріп, кәсіби кеңес беру және алдын алу шараларын күшейту. Шара барысында дәрігерлер қабылдау жүргізіп, қатысушыларға тегін тексерулер жасады.