Қазақстанда әлеуметтік желілерде заңсыз онлайн ойындар мен алаяқтық ұтыс ойындарын жарнамалайтын блогерлердің әрекеті әлі де өзекті мәселе болып отыр. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, биылдың өзінде отыздан астам танымал блогерге қатысты әкімшілік істер қозғалған. Олар Instagram, Telegram және TikTok секілді платформаларда шетелдік онлайн-казиноларды жарнамалап, заңсыз қаржылық схемаларды насихаттаған.
Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған жаңа қадам жасалды. Мақтаарал ауданындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы аумағында индустриалды парктің іргетасы қаланды. Жобаның жалпы құны 123 миллиард теңге болса, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Түркістандағы Farab әмбебап ғылыми кітапханасына АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы ағылшын тіліндегі 72 кітап сыйға тартты. Шараға арнайы келген Бас консул Мишель Еркін ханым құнды әдебиеттерді өз қолымен табыстады. Бұл қадам — екі ел арасындағы мәдени және білім саласындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталды.
Кентау қаласындағы политехникалық колледж – өңірдегі техникалық мамандар даярлауда алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. 2011 жылы Кентау трансформатор зауытының негізінде құрылған білім ордасы бүгінде «Alageum Electric» компаниясының құрылымдық бөлігіне айналған.
Түркістан қаласындағы №27 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы IT мектеп-лицей жаратылыстану бағытында арнайы білім беріп келеді. Мұнда 1000-нан астам оқушы сапалы білім алуда. Оқу бағдарламасында робототехника, жасанды интеллект және информатика сабақтары жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Департамент жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді. Ведомствоаралық жұмыс тобының басты мақсаты азаматтардың сұрауларына жауап беретін, мемлекет пен қоғам қатынастарының сервистік, проактивті моделін көрсететін құндылықтар жүйесін қалыптастыру және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласында азаматтарды толғандыратын өзекті проблемаларды анықтау және шешу.
Түркістан қаласының мектептері мен колледждерінде оқушылардың талантын танытатын түрлі мәдени және білім беру шаралары жиі ұйымдастырылады. Жақында өткен «Екі жұлдыз» атты ән байқауы соның бір дәлелі. Бұл сайыс жасөспірімдердің өнерге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың достық пен шығармашылыққа деген көзқарасын нығайтты.
Түркістан қаласында жастар мен бастамашыл топтарға арналған әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту воркшобы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағыт беру және өңірде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға серпін беру болды.
Түркістан облысында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Департамент бекіткен жоспар аясында «өрт қауіпсіздігі айлығы» басталып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды аралау жұмыстары қолға алынды.