10 Май 2026, Вс

Uncategorized

«БЕКЗАТ» ПРЕМЬЕРАСЫНА АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Түркістан музыкалық драма театры жаңа маусымын олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өміріне арналған қойылыммен ашпақ. Премьера алдында театр ұжымы БАҚ өкілдерімен кездесіп, дайындық барысын таныстырды. Бекзат драмасы спортшының өмірі мен рухын сахнада жаңғыртатын ерекше туынды.

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА ӨТУДЕ

Түркістан қаласында ауыл мәдениетін дамытуға бағытталған «Дәстүрлі ауыл мәдениетінің бастауы» облыстық байқауы басталды. Рухани құндылық пен халық шығармашылығының қайнар көзі саналатын ауыл мәдениетінің дамуына серпін беруді мақсат еткен бұл шараға облыстың барлық аудан-қалаларынан қатысушылар жиналды.

Түркістан облысының дін істері басқармасы «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 30 жыл» мерейтойына орай діни қызметкерлер мен осы салада қызмет атқаратын мекеме қызметкерлері арасында интелектуалды зияткерлік байқау

Құрметті облыс тұрғындары!
Түркістан облысының дін істері басқармасы «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 30 жыл» мерейтойына орай діни қызметкерлер мен осы салада қызмет атқаратын мекеме қызметкерлері арасында интелектуалды зияткерлік байқау ұйымдастыруда.
Байқауға облысымыздың барлық қала, аудандарынан командалар қатысады.
Интеллектуалды сайыста діни, тарихи, тұлғалар өмірі, көркем әдебиет, салт-дәстүр, мемлекеттік рәміздер, спорт, заң, мәдениет пен өнер, Түркістан қаласына қатысты және т.б. бағыттар бойынша сұрақ-жауап қамтылады.
Байқаудың жалпы жүлде қоры – 2 000 000 теңге!

Өткізу уақыты: 14.10.2025 жыл
Байқаудың басталуы: сағат 10.00
Байқау Түркістан қаласы, “Brilliant Balroom” мейрамханасында өткізіледі

КЕНТАУДАҒЫ ӨНЕР МЕКТЕБІ – ЖАС ТАЛАНТТАР ОРДАСЫ

Кентау қаласында саз мектебінде балаларға түрлі музыкалық аспаптарды үйретуде. Олардың қатарында фортепиано, домбыра, қобыз және гитара бар. Оқушылардың өнерге деген қызығушылығы артып келеді. Кентау қаласының әкімдігі де бұл бағытқа қолдау көрсетуде.

КЕНТАУ ОҚУШЫЛАРЫНА СУРЕТ ӨНЕРІ ДӘРІПТЕЛУДЕ

Кентау қаласындағы өнер мектебінде оқушылар сурет өнерін меңгеруде. Балалар өз қиялын қағазға түсіріп, шығармашылықпен айналысып келеді. Сондай ақ Кентау қаласының әкімдігі жас суретшілерге қолдау көрсетуде.

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРТТАРДЫҢ ҮЙІНЕ АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Қарттар күніне орай Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы еңбек ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, ізгі тілегін білдірді. Әкім қазыналы қарттарға құрмет көрсете отырып, ыстық ықыласын жеткізді.

ТҮРКІСТАНДА «БАБАЛАР РУХЫНА 100 ХАТЫМ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС ШАРА ӨТТІ

Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде елдің бірлігі мен рухани құндылықтарын дәріптеуге арналған тағылымды шара өтті. «Бабалар рухына 100 хатым» атты игі бастама Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұйымдастырылды.

КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ

Түркістан қаласындағы мектептерде оқушылардың спортқа қызығушылығы артып келеді. Әсіресе, баскетбол ойыны жасөспірімдер арасында ерекше танымал болып отыр. Үйірмеге қатысатын балалар спорттық шеберліктерін шыңдап қана қоймай, командалық рухты да қалыптастыруда. Олардың жетістіктері мектепішілік және қалалық деңгейдегі жарыстарда айқын көрініс табуда.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ТҮГЕЛДЕЙ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың сапалы білім алып, толыққанды дамуы үшін олардың денсаулығына ерекше көңіл бөлінуі қажет. Осы мақсатта еліміздегі мектептерде бастауыш сынып оқушылары толыққанды ыстық тамақпен қамтамасыз етілу жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бастама балалардың бойында дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруға, денсаулығын нығайтуға және оқу үлгерімін арттыруға зор ықпал етеді.