беретін мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Алақан» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында балалардың алақаны арнайы жүйеге енгізілген. Бұл жаңашылдық ата-аналар үшін де, оқушылар үшін де тиімді шешім болып отыр. Енді оқушылар мектепке кіргенде алақанын смарт-турникетке қойып өтеді.
Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында тың бастама қолға алынды. Әр аптада бір күн арнайы «Ұлттық киім күні» ретінде белгіленіп отыр. Бұл күні оқушылар мен ұстаздар сабаққа ұлттық киім киіп келеді. Жаңа дәстүр өскелең ұрпақтың өз тамырын терең танып, ұлттық болмысын сезінуіне ықпал етпек.
Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі үйірмелер ұйымдастырылған. Соның ішінде ұлттық өнерді дәріптейтін домбыра үйірмесі ерекше орын алады. Үйірмеге қатысушы балалар дәстүрлі күй өнерімен танысып, ұлттық мұраны үйренуде. Бұл олардың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашуда.
Биылғы оқу жылынан бастап мектептерде «Смартфонсыз мектеп» бағдарламасы іске қосылды. Жаңа бастама Түркістан қаласындағы бірқатар білім ордаларында да енгізілді. Жоба оқушылардың зейінін ашып, сабаққа барынша көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Енді сабақ басталар алдында балалар телефондарын арнайы қораптарға тапсырады.
Түркістан қаласындағы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы – жас ұрпақтың жан-жақты білім алып, ғылымға деген қызығушылығын оятуға ерекше көңіл бөлетін білім ордаларының бірі. Мұнда оқушылардың тек сабақ үлгерімімен ғана шектелмей, ғылым мен инновация саласына қадам басуына барынша жағдай жасалған. Мектепте жыл сайын ғылыми жобалар байқауы, түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен зерттеу жұмыстары ұйымдастырылады.
Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде бастауыш сыныптан бастап кәсіби бағдар беру жұмыстары қолға алынған. Бұл бағыттағы іс-шаралар балалардың болашақ мамандықтары туралы ерте түсінік қалыптастыруға негізделген. Арнайы сабақтар мен танымдық кездесулер оқушылардың қызығушылықтарына қарай ұйымдастырылып, мұғалімдер мен ата-аналар бірігіп, олардың дұрыс таңдау жасауына жол көрсетіп келеді.
Түркістан қаласында спорт мерекесіне айналған ерекше дода ұйымдастырылды. Балалар мен жасөспірімдер арасында таэквондодан ашық турнир «Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде» өтті. Бұл жарыс жас буынның спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, Түркістан қаласының мәртебесін көтеруге бағытталды. Толығырақ – алдағы материалда.
Түркістан қаласында Дүниежүзілік тазалық күні аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қоршаған ортаны қорғау және тазалықты сақтау мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан игі бастамалардың бір бөлігі ретінде қолға алынды.
Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицейінде жас мамандардың алғашқы еңбек қадамдарына ерекше көңіл бөлінуде. Мұнда жас ұстаздардың кәсіби дамуына барлық жағдай жасалып отыр. Қалиева Айкерім қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі ретінде еңбек жолын осы білім ошағында бастаған. Айтуынша, ұстаз болу бала кезден бергі арман еді.
Түркістан қаласында инклюзивті балаларды қолдау және білім беру ісіне ерекше көңіл бөлінуде. Мектептерде арнайы кабинеттер ашылып, балалардың толыққанды дамуына жағдай жасалуда. Мұнда ойын арқылы оқыту, дене қимылын жетілдіру және психологиялық қолдау әдістері қарастырылған. Жаңа кабинеттер заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, білікті мамандар жұмыс атқаруда.