10 Май 2026, Вс

Uncategorized

ҚҰШТАРЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕГЕН ЖАТТЫҒУ

Түркістан облысының Сауран ауданында орналасқан «Самғау» оңалту орталығы – тағдырдың сынағына мойымай, өмірге құштар жандардың екінші тынысын ашқан рухани ем орны. Мұнда бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар ғана емес, жасы ұлғайған әжелер де күн сайын таңмен таласа келіп, йога арқылы жан мен тән саулығын нығайтып жүр.

«БЕКЗАТ» ПРЕМЬЕРАСЫ КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТТІ

Түркістан музыкалық драма театрында V маусым ашылды. Маусым шымылдығы биыл даңқты боксшының туғанына 45 жыл толуына орай «Бекзат» драмалық қойлымымен түрілді. Қуат Ежембектің пьесасы негізінде қойылған бұл туындыда киелі Түркістан топырағында дүниеге келіп, қазақ спортының айбынды жұлдызына айналған, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмір жолы бейнеленген.

«ҚАЛАМҒА ҚОНҒАН ҚҰТ»: ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Түркістанда белгілі журналист, ақын және қоғам қайраткері Ғалымжан Елшібайдың 50 жылдық мерейтойына арналған «Қаламға қонған құт» атты шығармашылық кеш өтті. Мерекелік шараға ел руханиятының көрнекті өкілдері, қаламгерлер мен өнер иелері қатысты. Кеш аясында ақынның шығармашылығы кеңінен насихатталып, оның журналистика мен әдебиеттегі еңбегі жоғары бағаланды.

КЕНТАУДА МЫРЗАХМЕТОВ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Кентау қаласының орталық кітапханасында көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Мекемтас Мырзахметовты еске алуға арналған ғылыми-танымдық конференция өтті.

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ МЕН БАЛАБАҚШАСЫ ҚАЛА КҮНІҢ АТАП ӨТТІ

Кентау қаласында 70 жылдық мерейтой аясында ерекше іс-шара өтті. Қала кітапханасы мен балабақша бірлесе ұйымдастырған жиын тағылымдық мәнге толы болды. Оған Кентаудың ұлағатты ардагер ұстаздары шақырылды.

ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ҚАРСАНЫНДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында Қазақстанның Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтің 120 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі қарсаңында баспасөз мәслихаты өтті. Жиында фестивальдің маңызы мен мақсаты туралы сөз қозғалды. Спектакльдердің іріктелу барысы мен қатысушы театрлардың дайындығы таныстырылды.

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Кентау қаласында спорт саласына ерекше көңіл бөлінуде. Қала әкімдігінің қолдауымен түрлі спорт үйірмелері жұмыс істейді. Солардың бірі – бокс үйірмесі. Бұл үйірмеде жас спортшылар өз шеберліктерін шыңдап, түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда.

ТАЗА ҚАЛА — ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Түркістанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Экологиялық шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен қала тұрғындары белсене қатысты. Қатысушылар саябақтар мен көшелерді тазалап, ағаш көшеттерін отырғызды.

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНІМІН ОЯТҚАН ҰСТАЗ

Инклюзивті білім беру – ерекше балалардың өмірге бейімделуіне, қоғаммен араласуына жол ашатын маңызды бағыт. Түркістан қаласында осы саланың жанашыры Асел Бимырзаева үш жылдан астам уақыт бойы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен тығыз жұмыс жүргізіп келеді. Оның басты ұстанымы – әр баланың бойындағы жарықты жағып, олардың өз-өзіне деген сенімін арттыру.