ЖЕР МЕН ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АШЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Түркістан қаласында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті. Тұрғындар жер, сәулет және құрылыс салалары бойынша кеңес алып, өз сұрақтарына жауап алды.
Түркістан қаласында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті. Тұрғындар жер, сәулет және құрылыс салалары бойынша кеңес алып, өз сұрақтарына жауап алды.
Түркістанда Рухани келісім күніне орай «Ойлан тап» атты облыстық интеллектуалды сайыс өтті. Ойынға облыстың барлық аудан-қалаларынан келген дін қызметкерлері, теолог мамандар мен жастар қатысты.Зияткерлік бәсекеде ерекше көзге түскен командаларға ақшалай сыйлықтар мен марапаттар табысталды.
Түркістан қаласында Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен Құтқарушылар күні мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған кіші футболдан ашық турнир өтті. Бұл спорттық дода марқұм болған әріптестерді еске алу және құтқарушылардың ерен еңбегін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Түркістан облысында әлеуметтік кәсіпкерлік саласында табысты еңбек етіп жүрген жастар қатары артып келеді. Солардың бірі — Еркебұлан Ерғара, бағдарламашы мамандығын игеріп, өз ісін табысты дамытып отырған азамат. Ол ашқан «MEGABYTE» компьютерлік қызмет көрсету орталығы бүгінде халыққа сапалы қызмет ұсынып келеді.
Түркістан қаласында ерекше жоба қолға алынған. Әлеуметтік кәсіпкер Мұхаммедәлі Құрбанәліұлы мүмкіндігі шектеулі азамат болса да, табандылықпен өз кәсібін дамытып келеді. Ол ашқан «MEGABYTE» компьютерлік қызмет орталығы қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде.
Түркістан қаласында азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында тәжірибе қолданылуда. eGov KZ боты мен екі Telegram боты арқылы тұрғындар өз шағымдарын жолдап, жылдам кері байланысқа ие болуда. Нәтижесінде қызмет алушылардың бұзылған құқықтары дер кезінде қалпына келтірілуде.
Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Кентау. Кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми конференция өтті. Жиынға қала тұрғындары, өңірден келген қонақтар және ардагерлер қатысты. Басқосуда Кентаудың тарихы, жеткен жетістіктері және алдағы даму бағыты талқыланды. Сонымен қатар, арнайы көрме ұйымдастырылып, қала тарихынан сыр шертетін құнды деректер көпшілік назарына ұсынылды.
Түркістан қаласындағы «Әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ-нің Отырар мөлтек ауданында орналасқан «Белсенді ұзақ өмір» №2 бөлімшесі өз қызметінің 1 жылдық мерейтойын атап өтті.
Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында жаңа саяжол ашылды. Саяжол КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрметті кенші Сақ Мауленқұловтың есімімен аталды. Салтанатты шараға қала әкімі, ардагер кеншілер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жаңа демалыс орны тұрғындарға таза ауада серуендеп, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Түркістанда Ұстаздар күні кеңінен аталып өтті. «Ұстаз – ұлт рухының шамы» атты мерекелік кеште ардагерлер мен үздік педагогтар марапатталды. Шараға қала әкімі, ұстаздар қауымы және қонақтар қатысты.