Бүгін Республика және қала күні қарсаңында Түркістанда спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы тағы бір маңызды жоба жүзеге асты. Қалада жаңа заманауи спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Шара барысында тұрғындар мен спорт сүйер қауым жаңа нысанның жұмысымен танысты.
Мүмкіндігі шектеулі болу – өмірді шектеу емес. Түркістан өңірінде осындай жігерлі жастар аз емес. Солардың бірі – 17 жастағы Ибраһим. Ол өз өмірін спортпен байланыстырып, тек физикалық тұрғыда ғана емес, рухани жағынан да шыңдалып келеді. Бір жарым жыл бұрын бочча спортына қызығушылығы оянып, бүгінде бұл бағытта үлкен жетістіктерге жетіп жүр.
Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру жүйесі қарқынды дамуда. Жалпы білім беретін мектептерде олар өз қатарластарымен бірге сабақ оқып, қоғамға бейімделу мүмкіндігіне ие.
Кызылорда в последние годы благоустраивается. В областном центре строятся и вводятся в эксплуатацию для населения различные красивые здания. Успехи есть не только в городе, но и в районах. Один из таких – Шиелийский район. Здесь активно проводятся работы по благоустройству: строительство аллей, посадка газона с применением системы капельного орошения для благоустройства дворов, установка фонтанов, современных фонарей, скамеек. Жители говорят, что довольны работой районного акимата.
Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесіне арналған жиын өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары, қалалық ата-аналар комитетінің мүшелері, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ қала прокуроры мен полиция басқармасының басшысы қатысты.
Түркістан қаласында «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы жалғасын тапты. Бұл жолы экологиялық бастамаға теміржол саласының өкілдері де белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Акция барысында қаланың шеткі шағын аудандарында тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға партия мүшелерімен қатар теміржолшылар, жастар және қала тұрғындары да қатысты.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2024–2025 оқу жылын қорытындылады. Оқу орны білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бағыттарында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бұл туралы университет ректоры Жанар Тәңірбергенова ұжым мен қоғам алдында өткен есеп беру жиналысында баяндады. Шараға Түркістан облысының құрметті азаматтары, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен студенттер қатысты.
Түркістанда өңірдің барлық деңгейіндегі мәслихат депутаттары арасында кіші футболдан облыстық біріншілік басталды. Жарыстың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев қатысып, спортшыларды құттықтады. Бұл сайыс – салауатты өмір салтын насихаттап, депутаттар арасындағы ынтымақ пен достықты арттыруға бағытталған маңызды шара.
Жер бетінде ең асыл сый – өз аяғымен жүріп, еркін қозғалу десек, бұл мүмкіндіктен айырылған жандар үшін ол арманға айналған шындық. Дегенмен, бүгінде заманауи технология мен жанашыр жүректердің арқасында сол арман үмітке, ал үміт шындыққа айналып отыр. Түркістан облысының Сауран ауданындағы Оңалту орталығында орнатылған заманауи локомат құрылғысы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дәл осындай мүмкіндік сыйлап отыр.