10 Май 2026, Вс

Uncategorized

«ЕРТЕҢІ ЖАРҚЫН, ЕҢСЕЛІ РЕСПУБЛИКАМ!» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында Республика күніне арналған «Ертеңі жарқын, еңселі Республикам!» атты мерекелік іс-шара өтті.Мерейлі мерекені ауылдық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырды.Шараның негізгі мақсаты — ел бірлігін дәріптеп, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру болды.Бұл күн – халықтың рухын көтеріп, елдік мерей мен ұлттық сана-сезімді жаңғыртатын айрықша мереке. Мерекелік алаң безендіріліп, ауыл тұрғындары мен оқушылар көтеріңкі көңіл күйде жиналды.

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ АШЫҚ КУБОГІ

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылдық округінде ұстаздар қауымы баскетбол алаңында бас қосып, ерекше мерекелік көңіл күйде ашық кубок үшін сынға түсті.Бұл дода — Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойы мен Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған маңызды спорттық шара. Жарыстың ашылу салтанатына қала тұрғындары, білім беру саласының өкілдері мен спорт сүйер қауым қатысты.

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ БАЙЫЛДЫР АУЫЛЫНДА ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТТІ

Кентау қаласына қарасты Байылдырауылдық клубында Республика күніне орай ерекшечеллендж ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — елдік мерекені жаңаша форматта атап өтіп, ауылтұрғындарының рухын көтеру. Челленджге клуб қызметкерлері қатысып, мерекелік іс-шаралардыжүзеге асырды. Мұндай бастамалар ауылдағыбірлік пен патриоттық сезімді нығайтуғабағытталған.

«САМҒАУ» ОРТАЛЫҒЫ: МҮМКІНДІКТІ ШЕКТЕМЕЙ, ҮМІТКЕ ҚАНАТ БІТІРГЕН ОРТАЛЫҚ

Түркістан облысындағы ерекше жандарға қолдау көрсетіп келе жатқан «Самғау» оңалту орталығының құрылғанына биыл бір жыл толды. Мерейтой аясында «Өмірді сүйген жүректер» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, орталықтың жыл бойы атқарған жұмыстары мен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды.

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ТЕҢ ЖЕҢІС!

Түркістан қаласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі өтті. «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылған шара Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өтті. Жарыс 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында өткізілді.

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢАРҒАН «ПАРАСАТ» САЯБАҒЫ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында жаңарған «Парасат» саябағы тұрғындар мен қонақтарға есігін айқара ашты. Қайта жаңғыртудан өткен демалыс орнының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жұртшылықты қуанышты сәтпен және келе жатқан Республика күнімен құттықтады.

ТҮРКІСТАНДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ БРИФИНГІ ӨТТІ

Төлеби және Сайрам аудандарының мәслихат төрағалары жылдық жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді. «AMANAT» партиясының алаңында ұйымдастырылған баспасөз шарасында әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым және халықпен байланыс мәселелері сөз болды.