10 Май 2026, Вс

Uncategorized

ЕҢБЕК ЕТКЕН ЕЛГЕ СЫЙЛЫ

Түркістан облысында еңбекқор жандардың қатары артып келеді. Солардың бірі – Сауран ауданы Ораңғай ауылының тұрғыны гранттық жоба жеңімпазы Дадашева Дилноза. Ол 3-топ мүгедектігіне қарамастан, өмірге құштарлығын жоғалтпай, өз ісін бастаған. Дилноза жеңіл көліктерге арналған желімдеу орталығын ашып, бүгінде кәсібін сәтті жүргізіп отыр.

ЕҢБЕК — ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ

Еңбекқор жандардың бастамасын қолдау – бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі. 2025 жылдың гранттық бағдарламасының бірінші легінде жеңімпаз атанған Халметов Рахманберді – соның жарқын дәлелі.

ЖАРЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ: ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН КІТАПХАНА

.Қараңғы түнектің ар жағынан үміт сәулесі көрінеді дейді. Сол сәуле – білім. Сол сәуле – кітап. Ал сол кітапқа апарар жол – кітапхана. Арыс қаласының дәл жүрегінде, көше шуынан сая болар тыныш мекенде ерекше тағдыр иелеріне арналған бір шаңырақ бар. Ол – зағип жандарға арналған арнайы кітапхана. Бұл – көзбен көрмей, жүрекпен оқитын жандардың рухани әлемге ену орны. Мұнда әр әріп – үнге айналады, әр сөз – сезімге, әр кітап – үмітке айналады.

ЖҮРЕГІМЕН КӨРІП, ҚОЛЫМЕН ЕМДЕГЕН ЖАН

Гүлжанна Махамбетова Адамның бойындағы шынайы жарықты көзден емес, жүректен іздеу керек. Кейде сол жүректегі шырақ айналасына жылу шашып, өзгелердің өміріне шипа бола алатын күшке айналады. Сондай жандардың бірі – Гүлжанна Махамбетова, өмір жолында тағдырдың талай сынынан өтсе де, үміт пен еңбекті жанына серік еткен нағыз рухы мықты адам.

ЗАҒИП ЖАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ МЕН ЖІГЕРІ

Түркістан облысы, Отырар ауданында бүгінде 150-ге жуық зағип жан есепте тұр. Солардың жетпісі — аудандық зағиптар қоғамының белсенді мүшелері. Олар қоғамнан шет қалмай, еңбек етіп, өз ісін дөңгелетіп отырған жандар. Соның бірі – әлеуметтік кәсіпкер Пәленше Пәленшеев. Ол мемлекеттік грант ұтып алып, түйе шаруашылығын жолға қойған. Ендігі мақсаты – Арыстан баб кесенесіне келетін туристерге түйе арқылы қызмет көрсетіп, қазақтың дәстүрлі мәдениетін дәріптеу.

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ТЕҢ ҚОҒАМ

Қоғам – үлкен үй. Бұл үйдің төрінде де, есігінде де әрбір адамға орын бар. Бірақ сол орынды әділ бөлісу – әр қоғамның рухани жетілу дәрежесінің өлшемі. Бүгінгі күнде елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен қажеттіліктеріне баса назар аударылып келеді. Соның жарқын көрінісі – Арыс қаласындағы «Тең қоғам» орталығы.

ЗАҒИП ЖАННЫҢ ШИПАЛЫ ҚОЛ ӨНЕРІ

Түркістан облысы, Отырар ауданында бүгінде 150-ге жуық зағип жан есепте тұр. Соның ішінде 70-і — аудандық зағиптар қоғамының мүшелері. Олар қоғамнан шет қалмай, түрлі кәсіп пен еңбекке араласып келеді. Солардың бірі — емдік массаж шебері Пәленше Пәленшеев. Ол өз үйінде қызмет көрсетіп, шипалы қолымен талай жанға қуат сыйлап жүр.

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ КҮТІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында мүгедектігі бар және ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілді. Өңірде әлеуметтік қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, қажетті қызметтер мен оңалту құралдарына қол жеткізу жеңілдетілді.

«ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында облыстық «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау журналистер мен әлеуметтік желі белсенділері арасында ұйымдастырылып, этносаралық келісім мен еңбек адамдарының еңбегін дәріптеуді мақсат етті.

КЕНТАУДА КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

Кітап — адамзат қазынасы, ал кітапханашы — сол қазынаның сақшысы. Кентау қалалық орталық кітапханасында кітапханашылар күніне орай өткен “Еңбегімен елге сыйлы” атты кездесуде ардагер мамандардың өмір жолы мен еңбек үлгісі жастарға өнеге болды.