Түркістан облысында мәслихат депутаттарының халық алдындағы есеп беру кездесулері басталды. «AMANAT» партиясы ұйымдастырған брифингте Түркістан және Кентау қалалық мәслихаттарының төрағалары атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде дәстүрлі «AYU FEST – 2025» шарасы жоғары деңгейде өтті. Бұл мерекелік салтанат — жаңа оқу жылының шымылдығын ашып, 1-курс студенттерін ресми түрде қарсы алу дәстүрі. Биыл екі жарым мыңға жуық жас білімгер қасиетті Түркістан төріндегі білім ордасының студенті атанды. Мерекелік жиын факультеттер шеруімен жалғасып, думанды сәттерге ұласты.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Түркістан қаласында Құтқарушылар күні аталып өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, төтенше жағдайлар саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Шара барысында сала қызметкерлерінің еңбегі жоғары бағаланып, үздіктер марапатталды.
Бүгін Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында орталық алаңда кең көлемді көрме ұйымдастырылды. Мұнда ауданның шежіресін айшықтайтын құнды дүниелер мен қолөнер туындылары қойылды. Көрмеде жергілікті шеберлердің еңбектері мен отандық өнімдер көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Бүгін қасиетті Отырар топырағында Шәуілдірдің 90 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Іс-шара тарихи қойылыммен бастау алып, ауданның өткені мен өркені көрініс тапты. Ән мен күй қатар өріліп, сахна төрінде Отырардың өнерпаз ұл-қыздары өз өнерін тарту етті.
Түркістанда ұлттық руханият пен тәрбиенің тұтастығын арттыруға бағытталған халықаралық форум өтті. Шараға педагогтер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысып, ұлттық сана мен рухани мұраның жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы талқыланды.
Түркістандық 14 жастағы Қарақат Далхадыр — өмірге ерекше жаратылған, бірақ ерік-жігері мықты қыз. Ол «спина бифида» диагнозымен дүниеге келген. Соған қарамастан, Қарақат үшін мектепке барып, достарымен қатар білім алу өмірінің ең басты бөлігіне айналған.
Бәйдібек ауданында белгілі азамат Айтымбет Ералиевті еске алуға арналған волейбол турнирі өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған спорттық шара ауыл жастарын біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етті.
Түркістан облысында 2025 жылға дейін 220 коммуналдық инфрақұрылым нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның 121-і биыл аяқталады деп жоспарланған. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппарат жиналысында бұл мәселе басты назарда болды.
Отырар ауданында ерекше жандарға қолдау көрсетіп жүрген азаматтар бар. Солардың бірі – Пернехан Ахаева, Қазақ соқырлар қоғамының аудандық бірлестігінің төрағасы. Он төрт жылдан бері зағип жандардың құқықтарын қорғап, әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасап келеді. Оның бастамаларының арқасында талай мүмкіндігі шектеулі жан өз орнын табуда.