10 Май 2026, Вс

Uncategorized

ТЕЛЕГРАММ БОТ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕ

Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі. Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

АУЫЛДЫҢ АТАУЫН ЖАҢАРТҚАН АЗАМАТ

Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат ауылында волейболдан турнир өтті. Спорттық шара Ринат Ильясовты еске алуға арналған. Турнирге елді-мекендегі мемлекеттік мекемелерден алты команда қатысты. Волейболды тамашалап, ауылдағы жаңашылдықтармен танысуға марқұмның жұбайы мен ұлы арнайы Алматыдан келді.

ШИЕЛІНІҢ ЖАҢА, САПАЛЫ ЖОЛДАРЫ

Ауданның жолдары жаңарып, кеңейіп келеді. Қызылорда облысындағы Шиелі ауданында республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстар тұрақты жүргізіліп отыр. Мердігер мекемелер нысандарды сапалы салып, белгіленген уақыттарында тапсыру үстінде. Мұндай өзгерістерге кент, ауыл тұрғындары дән риза.

«ЗАҒИП ЖАНДАР ОРТАЛЫҒЫ: ӨМІРГЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС»

Көру қабілетінен айырылса да, жасымай, өзгеге үлгі болып жүрген жандар арамызда аз емес. Дегенмен, олардың басым бөлігі күнделікті өмірде қолдауға мұқтаж. Олар үшін ең өзекті мәселелер – қолжетімді орта, тұрақты жұмыс, әлеуметтік көмек пен оңалту мүмкіндіктері.

ТҮРКІСТАНДА ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

Түркістан қаласында туберкулезге қарсы қызметтің 100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға еліміздің және шетелдің жетекші фтизиатр-дәрігерлері, ғалымдар мен медицина ұйымдарының өкілдері қатысты. Конференция барысында сала дамуының тарихи жолы мен өңір медицинасының жетістіктері таныстырылды, ұзақ жылғы еңбегімен ерекшеленген мамандар марапатталды.

АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын бақылау күшейтілуде. Осы мақсатта облыс әкімдігі тарапынан 7 жол учаскесіне автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Қазірдің өзінде екі нүкте іске қосылып, мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған.

ТҮРКІСТАНДА ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН IT ТРЕННИНГ ӨТТІ

Түркістан шаһарындағы Turkistan Hub алаңында «Women Tech» атты тағылымды іс-шара өтті. Бұл жиынның мұраты — IT саласында ізденіп жүрген, не осы бағытқа қызығушылығы бар нәзікжандыларды қолдау, олардың әлеуетін арттыру болды. Басқосуға өңірдің белсенді кәсіпкерлері мен білім, технология саласының майталмандары жиылды.

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

.Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау дәстүрге айналды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті қоғамдық қабылдау өткізіп, аймақтың әр түкпірінен келген азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады. Білім, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу және инфрақұрылым салаларындағы өзекті мәселелер ашық айтылды.