10 Май 2026, Вс

Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА МӘМС ЖҮЙЕСІ АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ — АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖАУАПТЫ БОЛУДЫҢ ЕҢ ЫҢҒАЙЛЫ ЖОЛЫ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНА САЛАСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ МӘМС ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТЫНДА БІРҚАТАР ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР.

ГЕПАТИТТІҢ АЛДЫН АЛУ – ГИГИЕНА МЕН ЕКПЕДЕН БАСТАЛАДЫ

Түркістан облысында А вирустық гепатитіне қатысты эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Дәрігерлердің айтуынша, жұқпалы аурулардың ішінде бауырды зақымдайтын гепатит вирустары өзекті мәселе болып отыр. Соның ішінде кең таралғаны – А вирустық гепатиті. Мамандар инфекцияның алдын алу жолдарын түсіндіріп, тұрғындарды жеке гигиена ережелерін сақтауға және вакцина алуға шақырып отыр.

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛЫП, ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫ НЫҒАЮДА

Түркістан қаласында халықты жұмыспен қамту және қала экономикасын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы орайда фараб әмбебап кітапханасында «мансап орталығының» ұйымдастыруымен «жұмысшы мамандықтар жылына» орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

ҚАЛА ЖӘНЕ ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛАДЫ

2025 жылы елімізде алғаш рет 29 қазан – Кәсіпкерлер күні ресми мереке ретінде бекітілді. Бұл күн — еліміздің экономикалық дамуына үлес қосып жүрген іскер азаматтарға деген құрметтің көрінісі. Мереке аясында Түркістан қаласында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті.

ТҰТАС АУЫЛ ІШІМДІКТЕН БАС ТАРТТЫ

Құсшы ата ауылында игі бастама басталды. Тұрғындар тұтастай ішімдіктен бас тартып, салауатты өмірге бет бұрды. Соның толығырақ тілшіміз баяндасын. Ауылда бүгінде бірде-бір дүкенде ішімдік сатылмайды. Саудагерлер мен жұрт бұл шешімді бірауыздан қолдаған. Ел ішінде татулық пен тазалықтың лебі сезіледі. Бастаманы ауыл имамдары мен ақсақалдар алға бастады. Олар жастарды тәрбие мен имандылыққа үндеп келеді. Осындай бірліктің арқасында ауыл ажары арта түсті.

МУЗЕЙДЕ ӨРНЕКТЕЛГЕН ӨМІР

ТҮРКІСТАНДА «МУЗЕЙДЕ ӨРНЕКТЕЛГЕН ӨМІРІМ» АТТЫ КӨРМЕНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ. ШАРА «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛІП, МУЗЕЙ ІСІНЕ ЖАРТЫ ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ЕҢБЕГІН СІҢІРГЕН МӘДЕНИЕТ ЖАНАШЫРЫ — РАХИЯ ЖҮЗБАЕВА СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ.

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҒЫ — ОРТАҚ МІНДЕТ

29 қазан күні Түркістан қаласында облыс прокурорының орынбасары Дәулет.Тлемисовтың төрағалығымен «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында жиын өтті. Басқосуда ұстаздар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар балалардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін талқылады. Кездесу мақсаты — жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттырып, ата-аналар мен педагогтардың жауапкершілігін күшейту.

ТҮРКІСТАНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, қала әкімдігі мен прокуратура органдарының ұйымдастыруымен «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.
Шараның басты мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ билік пен халық арасындағы өзара сенімге негізделген ашық диалог орнату.

ТҮРКІСТАНДА «ТӘЛІМГЕР» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістан қаласында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар» жылына арналған «Тәлімгер» әлеуметтік реалити жобасының жабылу салтанаты өтті. Салтанатты жиын әсерлі театрландырылған қойылыммен басталып, қатысушыларға ерекше рух сыйлады.