ТҮРКІСТАНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Түркістан қаласында кәріз жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл қадам аймақтың инфрақұрылымын жақсартып, халыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Түркістан қаласында кәріз жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл қадам аймақтың инфрақұрылымын жақсартып, халыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Түркістан қаласындағы №34 жалпы білім беретін мектеп – заманауи білім ордаларының жарқын үлгісі. 2025 жылдың қаңтар айында есігін айқара ашқан бұл жаңа мектеп «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Оқу орны 1200 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мұнда 90-ға жуық тәжірибелі педагог еңбек етіп, 1100-ден астам бала сапалы білім мен саналы тәрбие алуда.
Бүгін қасиетті Түркістан төрінде ерекше мәртебеге ие шара – «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен шахматтан жасөспірімдер арасындағы ашық турнир өз жалауын көтерді. Бұл дода ой жүйріктерін жинап қана қоймай, әділдік пен адалдық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Бүгін Түркістан қаласында 12 қыркүйек – «Жергілікті әскери басқару органдары күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен 2022 жылдан бастап ресми түрде бекітілген.
Қазақстанда әлеуметтік желілерде заңсыз онлайн ойындар мен алаяқтық ұтыс ойындарын жарнамалайтын блогерлердің әрекеті әлі де өзекті мәселе болып отыр. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, биылдың өзінде отыздан астам танымал блогерге қатысты әкімшілік істер қозғалған. Олар Instagram, Telegram және TikTok секілді платформаларда шетелдік онлайн-казиноларды жарнамалап, заңсыз қаржылық схемаларды насихаттаған.
Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған жаңа қадам жасалды. Мақтаарал ауданындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы аумағында индустриалды парктің іргетасы қаланды. Жобаның жалпы құны 123 миллиард теңге болса, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Түркістанда тарихи оқиға өтті. Қалада Орта Азияда теңдесі жоқ заманауи «Ескек есу» арнасы ашылды. Салтанатты шараға 20 мыңнан астам адам қатысты.
Түркістандағы Farab әмбебап ғылыми кітапханасына АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы ағылшын тіліндегі 72 кітап сыйға тартты. Шараға арнайы келген Бас консул Мишель Еркін ханым құнды әдебиеттерді өз қолымен табыстады. Бұл қадам — екі ел арасындағы мәдени және білім саласындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталды.
Кентау қаласындағы политехникалық колледж – өңірдегі техникалық мамандар даярлауда алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. 2011 жылы Кентау трансформатор зауытының негізінде құрылған білім ордасы бүгінде «Alageum Electric» компаниясының құрылымдық бөлігіне айналған.
Түркістан қаласындағы №27 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы IT мектеп-лицей жаратылыстану бағытында арнайы білім беріп келеді. Мұнда 1000-нан астам оқушы сапалы білім алуда. Оқу бағдарламасында робототехника, жасанды интеллект және информатика сабақтары жүргізіледі.