Мемлекет мүгедектігі бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырып келеді. Бүгінде мүгедектігі бар жандар мен олардың отбасына әлеуметтік көмек, оңалту қызметтері, арнайы құрал-жабдықтар мен жәрдемақылар жүйелі түрде ұсынылуда.
Қайтарымсыз грант – талай жанға жаңа мүмкіндік сыйлаған мемлекеттік қолдау. Бүгінде бұл бағдарлама мүгедектігі бар азаматтардың да өз ісін ашуына жол ашып отыр. Мұндай қолдау – тек бір адамның емес, бүтін бір қоғамның алға жылжуына үлес қосатын маңызды бастама.
Арыс қаласында қазіргі таңда үш мыңға жуық мүгедектігі бар азамат тіркелген. Олардың бір бөлігі белсенді түрде еңбек нарығына араласуға ұмтылып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында Мансап орталығына жүгінеді. Аталған мекеме мұндай жандарға ерекше қолдау көрсетіп, олардың қабілетіне сай жұмыс табуға жан-жақты көмек ұсынады.
Жетісай ауданында бүгінде 6 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат бар. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту – аудандық әкімдік пен тиісті бөлімдердің басты назарында. Осы орайда, Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Қай заманда да қоғамның ізгілігі мен өркениеттілігінің өлшемі — оның әлсіздерге, қорғансыздарға, ерекше күтімді қажет ететін жандарға деген көзқарасымен бағаланған. Осы тұрғыдан келгенде, бүгінгі күннің үлкен әлеуметтік жауапкершілігін арқалап отырған орталықтардың бірі- «Үміт ұясы» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. Бұл-болашаққа сенім ұялататын, тағдырдың тосын сынына тап болған мүгедектігі бар балалардың үмітін өшірмей, керісінше жанын нұрға бөлеп, жүрегіне сенім отын үрлейтін ерекше мекен.
Келес ауданында әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарды қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтар, жалғызбасты қарттар мен әлсіз топтарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы жылдан-жылға жақсарып келеді.
Жетісай ауданында орналасқан «Асыл Қазына және Тең Қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы – мүгедектегі бар адамдар мен егде жастағы азаматтарға арналған маңызды әлеуметтік нысан. Бұл орталықта әрбір келушінің өмір сапасын арттыруға, денсаулығын нығайтуға және рухани дамуына жағдай жасалады.
Мүгедектігі бар балалар – қоғамның ажырамас бөлігі. Олардың құқығын қорғау, өмір сүру сапасын арттыру, сапалы білім мен медициналық көмекке қол жеткізуіне, оңалту қызметтерін алуына және қоғамдық өмірге белсене араласуына жағдай жасау- мемлекет ұстанған әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі.