«Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «халыққа қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі — мүгедектігі бар жандарға нақты қолдау көрсетіп отырған мекеме. Жүрегі жылулыққа толы әлеуметтік қызметкерлердің арқасында мыңдаған тағдырға жарық сыйланып келеді.
Түлкібас ауданында мүгедектігі бар жандарға көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрі жыл санап сапаланып келеді. Бүгінде «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «халыққа қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» арқылы көптеген бала мен ересекке үйде күтім көрсетіледі.
Түлкібас аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер аумақтық орталығы – ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған қолайлы әрі қамқорлыққа толы орта. Бүгінгі күні бұл орталыққа 70-тен аса адам тіркеліп, жүйелі түрде қызмет алуда. Ерекшелігі – олардың барлығы да 18 жастан асқан, мүгедектігі бар азаматтар. Бұл орталық – тек медициналық немесе әлеуметтік қызмет көрсету орны емес, бұл – өмірдің жаңа тынысын ашатын мүмкіндік алаңы.
Түлкібас ауданында мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлері жыл сайын жетіліп келеді. Бұл бағытта нақты әрі жүйелі жұмысты аудан әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі атқарып отыр. Мақсат – көмекке мұқтаж әр жанды қамту, оларды қоғам өміріне бейімдеу, ең бастысы – жалғыз емес екенін сезіндіру.
Ордабасы ауданында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жыл санап жанданып келеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында мүгедектігі бар азаматтарға, зейнет жасындағы қарияларға, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз санатқа жататын тұрғындарға кешенді көмек көрсетілуде. «Шапағат» орталығы – осы қамқорлықтың шынайы көрінісі. Мұнда адамдар тек уақыт өткізбейді. Олар өмірге қайта бой үйретіп, өздеріне деген сенімін нығайтып, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік алады.
Ордабасы ауданында мүгедектігі бар азаматтардың қоғамнан шет қалмай, еңбекке араласуына жағдай жасалуда. Бұл бағытта аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан мүгедектігі бар жандарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.
Ордабасы ауданында мүгедектігі бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Соның нақты көрінісі — Темірлан елді мекенінде орналасқан «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. Бұл орталық — мүгедектігі бар жандарға арналған арнайы бейімделген мекеме. Мұнда түрлі жастағы азаматтар өз уақыты мен күш-жігерін тиімді бағыттап, қоғаммен байланысын үзбей, белсенді өмір сүруге мүмкіндік алады.
Ордабасы ауданында мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты назарындағы бағыттардың бірі. Бұл ретте инватакси қызметі ерекше рөл атқарады. Аудан аумағында бұл қызмет түрі бір жүйеге келтіріліп, нақты тәртіппен жолға қойылған.
Қоғамда әр адамның өз орны бар. Мүгедектігі бар жандар да-сол қоғамның ажырамас бөлігі. Бүгінде олар тек өздеріне ғана емес, айналасына да пайда әкеліп, еңбек етіп жүр. Бірі-қызмет көрсету саласында, бірі-саудада, енді бірі-өз кәсібін ашып, өзгелерге жұмыс беріп отыр. Бұл-олардың қайсарлығының, өмірге деген құштарлығының және мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білгенінің дәлелі.
Түлкібас ауданында мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау және еңбекке тарту бағытында кешенді жұмыстар атқарылып келеді. Жергілікті Мансап орталығы еңбекке қабілетті жандардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, тұрақты жұмысқа орналастыруды жолға қойған. Бүгінгі таңда мұндай қолдау нақты нәтижесін беруде.