15 Ноя 2026, Вс

Қызылорда жаңалықтары

ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Қаланың сол жағалауында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Өңірдегі баспана қорын ұлғайтуға бағытталған жобалар аясында бірнеше көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде. Қазіргі таңда құрылыс нысандарында жұмыс кестеге сай атқарылып жатыр.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА РЕЙД ӨТТІ

Сыр елінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында профилактикалық іс-шара өткізілді. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы тазалық талаптарының сақталуын бақылап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараның негізгі мақсаты – рұқсатсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАҚЫЛАУДА

Қаламыздағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, оларға жедел ден қою жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.

«САПАРБАЕВ ТҰЛҒАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Достық үйінде мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Сапарбаев тұлғасы» кітабының таныстырылымы өтті. Тағылымды шараға облыс басшылығы, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін Қызылорда қалалық «Мансап орталығы» филиалында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараның мақсаты – жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды таныстыру. Жәрмеңкеге жұмыс берушілер, жұмыс іздеушілер және оқу орындарының түлектері қатысты.

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қызылорда қаласында көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы ірі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде бірнеше көшеде реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алған. Осыған орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылып, атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Толығырақ тілішіміз баяндап берсін.

ЧИСТАЯ ПРИРОДА — ОБЩАЯ ЗАДАЧА

В регионе прошла экологическая акция «Мөлдір бұлақ» («Прозрачный родник»), направленная на охрану окружающей среды. В рамках этого благородного мероприятия были проведены работы по очистке от бытового мусора обоих берегов реки Сырдарья в верхнем бьефе Кызылординского гидроузла.

ТЕАТРАЛЬНЫЙ СЕЗОН ЗАКРЫТ

Казахский академический музыкально-драматический театр имени Нартая Бекежанова успешно завершил свой 71-й сезон. В этом году храм искусства вновь порадовал публику содержательными постановками и внес свой вклад в развитие сценической культуры.

В КЫЗЫЛОРДЕ ЧЕСТВОВАЛИ ЛУЧШИХ РАБОТНИКОВ СФЕРЫ ЭКОЛОГИИ

5 июня — Всемирный день охраны окружающей среды. В честь этой даты в Кызылорде прошла торжественная церемония награждения специалистов, вносящих весомый вклад в развитие экологической сферы. На мероприятии чествовали граждан, которые активно участвуют в защите окружающей среды, рациональном использовании природных ресурсов и улучшении экологической обстановки в регионе.

ТЕАТР МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры 71-ші маусымын сәтті аяқтады. Өнер ордасы биыл да көрерменге мазмұнды қойылымдар ұсынып, сахна мәдениетінің дамуына өз үлесін қосты.