15 Ноя 2026, Вс

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін Қызылорда қалалық «Мансап орталығы» филиалында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараның мақсаты – жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды таныстыру. Жәрмеңкеге жұмыс берушілер, жұмыс іздеушілер және оқу орындарының түлектері қатысты.