15 Ноя 2026, Вс

Қызылорда жаңалықтары

СОСТОЯЛСЯ ТУРНИР «STREET WORKOUT»

В городе прошел турнир по стрит воркауту, приуроченный к Международному дню борьбы со злоупотреблением наркотическими средствами и их незаконным оборотом. Участники соревнований состязались в подтягивании на турнике, определяя сильнейших.

«STREET WORKOUT» ТУРНИРІ ӨТТІ

Қалада Халықаралық есірткі және нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Street Workout» турнирі ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар турникке тартылу бойынша бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.

ӘКЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ

Маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Әкелер күніне орай Қызылордадағы Отбасы орталығында «Адырна» бенефис шоуы ұйымдастырылды. Тағылымды шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, әке мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту.

ТАРИХ ПЕН ӘДЕБИЕТ ТОҒЫСҚАН КЕШ

Қызылордада белгілі журналист, қоғам қайраткері Санжар Керімбайдың «Бейсембай және әдеби майдан» атты кітабының тұсаукесері өтті. Рухани шарада қазақ әдебиеті мен ұлттық тарихын сақтауға өлшеусіз үлес қосқан ғалым Бейсембай Кенжебаевтың еңбегі кеңінен насихатталды.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МЕН БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕСІ

Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті 53-сессиясында әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдау және халықты жұмыспен қамту мәселесі қаралды. Сондай-ақ қала, кент және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептері бекітілді.

ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ

Қалада «Ел іші – өнер кеніші» атты дәстүрлі өнер байқауы бастау алды. Жыл сайын ауылдық округтердің мәдениет ошақтары арасында өтетін бұл өнер додасы биыл жаңаша форматта ұйымдастырылып отыр. Байқаудың шымылдығын алғашқы болып ашқан өнерпаздар көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

БАЛЫҚ ҚОРЫН САҚТАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Өңірде балық қорын сақтау мен су айдындарының тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған «Таза су айдындары» және «Уылдырық-2026» республикалық акциялары қорытындыланды. Табиғат қорғау шаралары аясында су көздері қоқыстан тазартылып, заңсыз балық аулауға қарсы бақылау күшейтілді.