Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Игі шара аясында Қызылорда су торабының жоғарғы беткейіндегі Сырдария өзенінің екі жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, табиғатты қорғау жұмыстары жүргізілді.
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Осыған орай Сыр өңірінде экология саласының дамуына үлес қосып жүрген мамандарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шарада қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға атсалысып жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді.
В Департаменте полиции Кызылординской области члены Совета наставников при Организации ветеранов встретились с личным составом батальона патрульной полиции и вновь назначенными сотрудниками. Наставники приняли участие в утреннем разводе и дали молодым полицейским профессиональные ориентиры и напутствия.
В Кызылорде активно перерабатывают и утилизируют использованные автомобильные шины. Предприятие, созданное с целью снижения объемов твердых бытовых отходов, загрязняющих окружающую среду, принимает старые покрышки и производит из них высококачественную резиновую крошку. Подробности в сюжете.
Қызылорда облысы Полиция департаментінде Ардагерлер ұйымы жанындағы Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен және жаңадан тағайындалған қызметкерлермен кездесті. Тәлімгерлер таңғы саптық жиынға қатысып, жас полицейлерге кәсіби бағыт-бағдар берді.
Аймақта театр маусымы тағы бір жаңа туындымен толықты. Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында драматург Аманжол Қазыбектің «Ұрылар» комедиясының премьерасы сахналанды. Қойылымға зиялы қауым өкілдері мен өнерсүйер қауым қатысты.
Қалада пайдаланылған автокөлік дөңгелектері қайта өңделіп, кәдеге жаратылуда. Қоршаған ортаға зиян келтіретін қатты қалдықтарды азайту мақсатында жұмыс істейтін кәсіпорын ескі шиналарды қабылдап, одан резеңке ұнтағын өндіреді.
Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Осы мақсатта түрлі түсіндіру шаралары, семинарлар мен кездесулер ұйымдастырылып келеді.
С наступлением лета вопросы безопасности на водоемах становятся как никогда актуальными. В связи с этим в Кызылорде проводятся регулярный мониторинг и профилактические рейды в местах, не предназначенных для купания. На сегодняшний день в черте города функционируют два разрешенных коммунальных пляжа. Они оснащены необходимыми спасательными средствами, там также организовано дежурство квалифицированных специалистов.