20 Апр 2026, Пн

Қызылорда жаңалықтары

«ТОБЫЛ» ЖЕҢІСІНЕН КЕЙІНГІ ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорданың сол жағалауында 11 мың орындық жаңа стадион ашылып, футболдан Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық ойыны өтті. Финалда Шымкенттің «Ордабасы» және Қостанайдың «Тобыл» клубтары бақ сынады. Тартысты өткен ойында қостанайлық команда қарсыласының қақпасына екі мәрте гол соғып, жеңіске жетті.

ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНА – 120 ЖЫЛ

Биыл елімізде кәсіподақ қозғалысының бастау алғанына 120 жыл толып отыр. 1905 жылы қазіргі Қарағанды облысындағы Өспен мыс кенішінде алғашқы кәсіподақ ұйымы құрылып, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту мен құқықтарын қорғауды мақсат етті. Кеңестік кезеңде кәсіподақтар миллиондаған еңбеккерлердің мүддесін қорғады. Тәуелсіздік жылдарында бұл қозғалыс жаңа заңнамаларға сай жаңғырып, әлеуметтік әріптестікті дамытудың маңызды институтына айналды.

ҚР КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Қызылордада Қазақстан Республикасы кубогының финалдық ойыны өтті. Финалдық кездесуде Шымкенттің «Ордабасы» және Қостанайдың «Тобыл» командалары бақ сынасты. Ойынға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров, Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

СҰЛУЛЫҚҚА СЕРІК БОЛҒАН ЖЫЛДАР

Сән – әр заманның айнасы. Ал сол айнаны қалыптастырып, талғам мен талайды тоғыстырған мамандар бар. Қармақшы ауданындағы Марал Тілегенованың сән салоны – сән әлеміне сапар шеккендердің сүйікті орнына айналғалы отыз жылға жуықтапты. Тарихи тамырын тереңге жайған сән ордасының жұмысымен өңірдегі әріптесім Жаннұр Мұса танысып қайтқан болатын. Бейнематериалға назар салыңыз.

БІЛІМДІ ЖАСТАР ІТ-ПАРКТІ ТАҢДАЙДЫ

Заман талаптарына сай қадам жасап келе жатқан орталық! Қызылорда қаласында орналасқан ІТ-парк білім қуған жастардың сүйікті орнына айналды. Мұндағы коворкинг кабинеттерінде тек қана білім қуған жастарды ғана емес үлкен зейнет жасындағы азаматтарды да кездестіруге болады. ІТ-мамандары компьютерлік сауаттылығы жоқ жандарға да көмек беруге әзір.

САПАСЫЗ ӨНІМДЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Қызылордада ішкі сауда нарығы айналымына келіп түсетін өнімдерге тұрақты түрде зерттеу жұмыстары жүргізіліп отыр. Оның ішінде тағам өнімдері үстем көп бөлігін құрайды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сынамалардың жиырмаға жуық пайызы техникалық регламенттер талаптарына сай келмейтіндігін жеткізді.

ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

Өрт қауіпсіздігін алдын алу бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Қызылорда қаласында Қазақстан Халық партиясының ұйымдастырумен осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оған партиядан бөлек төтенше жағдай департаментінің мамандары мен пәтер иелері кооперативі қатысты. Жиында өңірдегі өрт жағдайының қазіргі ахуалына баға беру, негізгі мәселелері мен осал тұстары талқыланды.

ҚҰРАҚ КӨРПЕДЕН ҚУАНЫШ ӨРГЕН ШЕБЕР

Жастайынан қолөнерге құмар болып өскен Айжамал Шағанбаева бүгінде өзінің сүйікті ісін кәсіпке айналдырып отыр. Балалық шағынан ине-жіпке жақын болып, әрбір матаның қиығын кәдеге жаратып үйренген ол қазір талайдың алғысын алып жүрген шебер. Үйінің бір бөлмесін шағын тігін шеберханасына айналдырып, түрлі түсті маталардан көрпе, жастық, сәндік бұйымдар тігеді.

ӨҢІРДЕГІ БЕТКЕ ҰСТАР БІЛІМ ОРДАСЫ

Білім – болашақтың іргетасы. Қазіргі таңда балалардың жан-жақты дамуы мен оқу үлгерімін арттыру мақсатында түрлі білім орталықтары жұмыс істейді. Солардың бірі – Қызылордадағы “Озат” оқу орталығы. Мұнда мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған әртүрлі бағыттағы курстар жүргізіледі. Толығырақ әріптесімнің бейнематериалында.

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ОРТАЛЫҚ

Анаға тағзым» бірегей жобасы – мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен 2018 жылы Ақтөбе, 2021 жылы Тараз қалаларында бөй көтерген. Дәстүрлі мәдениетті жаңғыртып, әйелдер еңбегін дәріптеу және өнегелеуді діттеген өміршең идеяны аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жалғап, оны кәсіпкер-меценат, «Парасат» орденінің иегері Марат Дүйсенбаев қолдап, 2023 жылы «Анаға тағзым» орталығы салтанатты түрде Сыр өңірінде көпшілікке есігін айқара ашты.