Қызылорда қаласында орналасқан «Талғат» базарындағы заңсыз салынған құрылыс нысандары анықталып, бүгінде бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл — облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аймақ бойынша заңсыз құрылыстарды анықтауға бағытталған мониторинг жұмыстарының нәтижесі.

