Жаңақорған ауданының Шалқия кентінде «Жер-2025» республикалық оқу-жаттығуы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғану туралы» Заңына және Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы №494 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Жаттығудың негізгі мақсаты – жер сілкінісі туындаған жағдайда азаматтық қорғау күштерінің іс-қимылдарын пысықтау.

