15 Ноя 2026, Вс

Жамбыл жаңалықтары

В ВОЕННОЙ ШКОЛЕ СОЗДАНА БАСКЕТБОЛЬНАЯ КОМАНДА

В Таразе набирают темп инициативы по развитию массового спорта и приобщению молодежи к здоровому образу жизни. В рамках этой работы региональная баскетбольная академия посетила военную школу-интернат имени Бауыржана Момышулы и заложила основу новой команды из числа воспитанников. Подробнее о спортивном мероприятии и позитивных изменениях в военном учебном заведении — далее в материале.

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЯЗЫК ОБЪЕДИНЯЕТ ВОЕННОСЛУЖАЩИХ РАЗНЫХ ЭТНОСОВ

Казахстан — многонациональное государство, где представители разных этносов живут в мире и согласии. Объединяет их не только общая история и гражданская ответственность, но и государственный язык. Сегодня казахская речь звучит и в воинских частях — военнослужащие разных национальностей свободно общаются между собой на государственном языке и изучают его как часть своей службы.

РЕЛИГИОЗНАЯ СТАБИЛЬНОСТЬ — ОСНОВА СОГЛАСИЯ СТРАНЫ

Спокойствие в обществе и благополучие страны напрямую зависят прежде всего от стабильности религиозной ситуации. В целях сохранения мира в регионе ответственные специалисты реализуют комплексные меры. Подробнее о работе, проводимой в этой сфере в Жамбылской области, — в следующем сюжете.

ОЧЕРЕДНАЯ СЕССИЯ ГОРОДСКОГО МАСЛИХАТА

Сегодня в связи с объявленным в стране Днем общенационального траура очередная, 43-я сессия Таразского городского маслихата началась с минуты молчания. Почтив память погибших, депутаты и городской актив перешли к рассмотрению вопросов повестки дня. На заседании были обсуждены ход подготовки к предстоящему отопительному сезону, порядок оказания жилищной помощи и внесение изменений в бюджет, по итогам были приняты соответствующие решения. Заседание провел председатель Таразского городского маслихата Кенжебек Олжабай.

МАССОВАЯ ГИБЕЛЬ ВОЕННЫХ НА УЧЕНИЯХ В КАСПИЙСКОМ МОРЕ: ПОДРОБНОСТИ ТРАГЕДИИ

24 сентября в Мангистауской области во время учений Военно-морских сил ВС Казахстана произошёл трагический инцидент. При выполнении учебно-боевой задачи на побережье Каспийского моря из-за резкого ухудшения погоды и усиления ветра военнослужащих унесло в море. По данным Министерства обороны, в море оказались 17 военнослужащих. Подтверждена гибель 14 человек. Троих военнослужащих удалось спасти, один из них госпитализирован. Его состояние оценивается как стабильно тяжёлое.

ӘСКЕРИ МЕКТЕПТЕ БАСКЕТБОЛ КОМАНДАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Таразда бұқаралық спортты жандандыру және жастарды салауатты өмір салтына баулу бағытындағы бастамалар қарқын алып келеді. Осы орайда өңірлік баскетбол академиясы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп-интернатына барып, жас сарбаздардан тұратын жаңа команданың негізін қалады. Әскери білім ошағындағы бұл оң өзгеріс пен спорттық шара жайлы әріптесім жалғастырады.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІН БІРІКТІРЕДІ

Қазақстан – түрлі этнос өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Оларды ортақ тарих пен азаматтық жауапкершілік қана емес, мемлекеттік тіл де біріктіреді. Бүгінде қазақ тілі әскери бөлімдерде де кеңінен қолданылуда. Әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған сарбаздар мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасап, оны әскери қызметтің ажырамас бөлігі ретінде меңгеріп келеді.

ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ЫНТЫМАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Қоғам тыныштығы мен ел амандығы – ең алдымен діни ахуалдың тұрақтылығына тікелей байланысты. Өңірдегі бейбіт өмірді сақтау бағытында жауапты мамандар кешенді жұмыстарды жүзеге асыруда. Жамбыл облысында бұл салада атқарылып жатқан жұмыстар жайлы келесі сюжетте.

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ

Бүгін еліміздегі Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Тараз қалалық мәслихатының кезекті 43-ші сессиясы бір минуттық үнсіздікпен басталды. Депутаттар мен қала активі қаза тапқандарды еске алғаннан кейін, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді қарауға көшті. Жиында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы, тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Жиынға Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай төрағалық етті.

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНДЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

Елімізде 25-қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл шешім Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты қабылданды. Қазір қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккен әскери қызметшілерге жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.