15 Ноя 2026, Вс

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІН БІРІКТІРЕДІ

Қазақстан – түрлі этнос өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Оларды ортақ тарих пен азаматтық жауапкершілік қана емес, мемлекеттік тіл де біріктіреді. Бүгінде қазақ тілі әскери бөлімдерде де кеңінен қолданылуда. Әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған сарбаздар мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасап, оны әскери қызметтің ажырамас бөлігі ретінде меңгеріп келеді.