15 Ноя 2026, Вс

Жамбыл жаңалықтары

Ұлттық киім — трендте

Соңғы жылдары ұлттық киім мен қазақы нақыштағы бұйымдарға деген қызығушылық артып келеді. Бұл үрдіс әсіресе жастар арасында байқалады. Ұлттық элементтер мерекелік шаралармен ғана шектелмей, күнделікті киім үлгілеріне де еніп отыр.

Қазіргі таңда тақия, камзол, шапан, шашбау және ою-өрнекпен безендірілген түрлі бұйымдар заманауи сәнмен үйлесім тауып келеді. Ұлттық нақыштағы киім үлгілерін дизайнерлер күнделікті қолданысқа бейімдеп, жаңа пішіндер мен заманауи шешімдер ұсынып жүр.

Мәселен, тақияның дәстүрлі үлгілерімен қатар, заманауи стильге бейімделген нұсқалары пайда болды. Камзол күнделікті киіммен үйлестірілсе, шапанның да жеңіл әрі ықшам үлгілері ұсынылуда. Сонымен қатар сөмке, әшекей, телефон қаптамасы секілді күнделікті қолданылатын бұйымдарда да ұлттық ою-өрнек кеңінен пайдаланылып келеді.

Бұл өзгеріс ұлттық киімге деген көзқарастың да жаңарғанын көрсетеді. Бүгінде ұлттық нақышты қолдану үшін толықтай дәстүрлі киім кию міндетті емес. Киімнің бір бөлшегіндегі ою-өрнек немесе шағын этноэлементтің өзі заманауи образға ұлттық сипат бере алады.

Ұлттық киімнің сән индустриясына енуі отандық дизайнерлердің шығармашылық ізденісіне де жаңа мүмкіндік беріп отыр. Дәстүрлі киім үлгілерін заманауи талапқа бейімдеу арқылы ұлттық мәдениетті жаңа аудиторияға танытуға жол ашылады.

Бұл үрдіс қалалық ортадан да анық байқалады. Әсіресе жастар арасында ұлттық нақыштағы киімдерді күнделікті өмірде пайдалану қалыпты үрдіске айналып келеді. Әлеуметтік желілерде ұлттық киім тігетін отандық брендтер мен дизайнерлердің көбеюі де осы сұраныстың артқанын аңғартады.

Ұлттық киімнің заманауи сәнмен сабақтасуы – дәстүр мен жаңашылдықтың өзара үйлесімін көрсетеді. Дәстүрлі элементтердің жаңа үлгіде қолданылуы ұлттық мәдениетті сақтап қана қоймай, оны қазіргі қоғамның күнделікті өміріне енгізуге мүмкіндік береді.

Ұлттық киімнің жаңа сипатта дамуы қазақы болмыстың заман талабына сай жаңғырып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ретте дәстүрлі мұраны заманауи сәнмен ұштастыру ұлттық мәдениетті дәріптеудің қазіргі заманға сай тәсілдерінің біріне айналып отыр.

«ТАРАЗ ДАУЫСЫ – 2026» ӘН БАЙҚАУЫ

Шаһарда қала күніне орай ән байқауы өтті. Өнер додасы жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, сахнадағы шеберлігін арттыруға бағытталған. Қатысушылар халықаралық әндер мен классикалық шығармаларды  орындап, көрермен көңілінен шықты.

«КИІЗ FEST» ОТБАСЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Таразда «Қала күні» мерекесіне орай «Киіз Fest» отбасылық конкурсы өтті. Ата-бабадан қалған бай қолөнер мұрасын жаңғыртуды көздеген өнер додасына 7 отбасылық ұжым қатысты. Күзем жүннен киіз басудың қыр-сырын меңгерген шеберлердің жұмысы толығырақ алдағы сюжетте…

ОБЛЫСТА 15 МЫҢНАН АСТАМ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕҢБЕК ЕТЕДІ

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Ағымдағы жылдың 8 айында өңірде кадр тапшылығын азайту, медициналық нысандарды жаңғырту және заманауи цифрлық технологияларды енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы және басқа да маңызды көрсеткіштер туралы өңірлік коммуникациялар қызыметінің ақпарат алаңында өткен брифингте айтылды.

«ҚҰЛАН-2026» ӘСКЕРИ ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ

Отанды қорғау – абыройлы міндет, қасиетті борыш! Тараздағы 99205 әскери бөлімінде «Құлан-2026» аумақтық қорғаныс әскери жиыны мәресіне жетіп, салтанатты жабылу рәсімі өтті. Қорғаныс министрлігінің жоспарына сәйкес өткізілген ауқымды оқу-жаттығуға Тұрар Рысқұлов ауданынан 78 әскери міндетті қатысты. 10 күн бойы темірдей тәртіпке бағынып, сапқа тұрған азаматтар шыңдалған жауынгерлік дайындықтарын көрсетті.

КОНКУРС ПЕСЕН «ТАРАЗ ДАУЫСЫ – 2026»

В Таразе прошел песенный конкурс, приуроченный ко Дню города. Конкурс талантов направлен на развитие творческого потенциала молодежи и совершенствование их сценического мастерства. Участники исполнили мировые хиты и классические произведения, завоевав любовь зрителей.

СЕМЕЙНЫЙ КОНКУРС «КИІЗ FEST»

В Таразе по случаю празднования Дня города прошёл семейный конкурс «Киіз Fest». В творческом состязании, направленном на возрождение богатого ремесленного наследия предков, приняли участие 7 семейных коллективов. Подробнее о мастерах, освоивших тонкости валяния войлока из осенней шерсти — в нашем сюжете.

В ОБЛАСТИ ТРУДЯТСЯ СВЫШЕ 15 ТЫСЯЧ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ

В Жамбылской области сфера здравоохранения выходит на новый уровень. За 8 месяцев текущего года в регионе проведена масштабная работа по снижению кадрового дефицита, модернизации медицинских объектов и внедрению современных цифровых технологий. Об этих и других важных показателях рассказали в ходе брифинга на площадке региональной службы коммуникаций.

ЗАВЕРШИЛИСЬ ВОЕННЫЕ СБОРЫ «КУЛАН-2026»

В воинской части №99205 в Таразе завершились территориальные военные сборы «Кулан-2026». Состоялась торжественная церемония закрытия. Масштабные учебные сборы, организованные в соответствии с планом Министерства обороны, объединили 78 военнообязанных из Рыскуловского района. В течение 10 дней они соблюдали строгую дисциплину, проходили строевую подготовку и демонстрировали высокий уровень боевой выучки.

СВЕКРОВЬ И НЕВЕСТКА — ХРАНИТЕЛЬНИЦЫ ОДНОГО ОЧАГА

В Таразе ко Дню города прошёл семейный конкурс «Свекровь и невестка — хранительницы одного очага». Мероприятие состоялось в Доме культуры имени Ыкласа Дукенулы. Его главная цель — популяризация национальных традиций и обычаев, укрепление взаимного уважения между свекровью и невесткой, а также преемственности поколений.