15 Ноя 2026, Вс

ОБЛЫСТА 15 МЫҢНАН АСТАМ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕҢБЕК ЕТЕДІ

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Ағымдағы жылдың 8 айында өңірде кадр тапшылығын азайту, медициналық нысандарды жаңғырту және заманауи цифрлық технологияларды енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы және басқа да маңызды көрсеткіштер туралы өңірлік коммуникациялар қызыметінің ақпарат алаңында өткен брифингте айтылды.