15 Ноя 2026, Вс

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ

Бүгін еліміздегі Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Тараз қалалық мәслихатының кезекті 43-ші сессиясы бір минуттық үнсіздікпен басталды. Депутаттар мен қала активі қаза тапқандарды еске алғаннан кейін, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді қарауға көшті. Жиында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы, тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Жиынға Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай төрағалық етті.