24 Апр 2025, Чт

ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ИГІЛІКТЕРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛМАҚ

Сарысу ауданы, Досбол ауылдық округі, Шағалалы елді мекеніне газ кіргізілуде. Бұл ауданда 25 елді мекен бар десек, көгілдір отынға қосылғалы отырған бұл 5-ші ауыл. Қыстыгүні отын жағып, ас пісірген құм арасын қоныстанушылар үшін бұл ерекше қуаныш. Сондай-ақ, ауыз су құбыры тартылып, жаңа жол төселуде. Жыл соңына дейін алақандай ауылдың әлеуметтік қажеттілігі өтеліп, ауыл тұрғындары игілігін көрмек.