29 Апр 2025, Вт

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Сарысу ауданында ардагерлер арасында спорт түрлерінен жарыстар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Спортсүйер қариялар жарысқа құлшыныспен келіп, қатысып жатқаны көңіл қуантады. Өйткені, спорттық шаралар біріншіден, ардагерлерге күш-қуат берсе, екіншіден, жас ұрпаққа үлгі – өнеге. Аға буын өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсене араласуы аудан тұрғындары мен жастардың спортпен шұғылдануына үлкен бағыт – бағдар екендігі сөзсіз.