4 Май 2025, Вс

ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

Жазғы лагерьдің басты мақсаты қандай? Балаларды шақырып алып, еңбек сабағын прктикалық негізде өткізу ме? Әлде тоғыз ай бойы санасын толтырған, оқу оқып болдырған бүлдіршіндерді демалдыру ма? Облыста 9 мың әлеуметтік көмекті қажет ететін бала қала сыртында демалса құба құп. Бірақ, мектеп жанынан құрылған лагерьде балалар оқу ұясын тазалауы, абаттандыруы олқы емес дейді мамандар. Бірақ, ата-аналардың пікірі кереғар.