26 мамыр күні бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтті. Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері бұқараның базынасын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, білікті ұсыныстар айтып, заң тұрғысынан көмек көрсетті.