5 Май 2025, Пн

ТАРАЗДА 23 ЖАҢА АВТОБУС ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен  «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-іне жаңа техникалар беріліп, жаңадан келген автобустар салтанатты жағдайда  табысталды. Тараздың тазалығына жауапты мекеме су жаңа 7 техниканы иемденсе, қоғамдық көліктер 23 заманауи автобуспен толықты. Аймақ басшысы шарада қоғамдық көліктерді көбейту және «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-іне шаһар тазалығы бойынша жұмыстарды үдету керектігін айтып, ол бойынша мемлекеттен қолдау көрсетілетінін жеткізді.