Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы іскер әйелдер кеңесінің отырысына қатысты. «Қазақстанның дамуына әйел кәсіпкерлердің үлесі» тақырыбында өткен басқосу барысында аймақ басшысы нәзік жандылардың кәсіпкерліктегі, облыс экономикасының түрлі саласындағы үлесін атап өтіп, оларды қолдау шараларына тоқталды.