22 Апр 2025, Вт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін облыстық мәслихатқа тіркелген 8-шақырылым депутаттарының алғашқы сессиясы өтті. Жиында депутаттардың келісімімен Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы сайланды. Сондай-ақ тұрақты комиссия құрамы бекітілді. Басқосуда сайлау комиссиясының төрағасы өңірімізде саяси науқанның жоғары деңгейде өткенін айтты. Облыс әкімі  халық қалаулыларының ісіне сәттілік тілеп, бірқатар ұсыныстарын да жеткізді. Толығырақ тілші тарқатады.