Шаһарда «Ұмыт болған оюлар» құрақшылар әлемі фестивалі өтті. Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерді жаңғырту мақсатында қолдарынан неше түрлі дүние құрастыратын қатысушылар бүгін барларын салды. Игі шараға шаһар басшысы да арнайы қатысып, мерекемен құттықтады.