23 Апр 2025, Ср

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ТАЗА ЭКОЛОГИЯ ҮШІН

 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тау-кен-қорықшы бөлімшесінің әскери қызметшілері Наурыз – Жайлау күні мерекесіне дайындықтың кезекті күнін тиімді өткізді. Терісбұлақ оқу полигоны аумағында олар аумақты тазартып, су қоймасынан ағып жатқан өзен жағалауын құрғақ бұтақтардан және қыста құлаған ағаштардан арылтты.