Жалпы, мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығына қатер төндіретін сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрестің маңыздылығы жоғары. Өйткені, жемқорлық кез келген мемлекеттің, қоғамның дамуына тұсау салатын індет. Ал оны тоқтатпайынша мемлекетте өсіп-өркендеу болмайды. Сондықтан, бұл дертпен күресте тек құзырлы мекемелері мен билік органдары ғана күш біріктірмеуі қажет. Білімді, мәдениетті әрі бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру жолында бүкіл халық атсалысуы тиіс. Осы турасында 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлықтан бас тарту – тұрақтылық пен дамудың кепілі» атты форум өтті.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМ ӨТТІ
