Дін – адамзаттың рухани өміріндегі маңызды құндылықтардың бірі. Ал оны дұрыс түсіну мен діни сауаттылықты арттыру – қоғам тұрақтылығының маңызды шарттарының бірі. Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде әр азаматтың ар-ождан бостандығына кепілдік беріп, діни төзімділікті нығайтуды көздейді. Бұл ретте діни бірлестіктердің ағартушылық қызметі де айрықша маңызға ие. Мәселен, Тараз қаласындағы «Асым ата» мешітінде жамағатқа ғана емес, жас ұрпаққа да діни білім беруге басымдық берілген.
Ақпараттық порталы

