15 Ноя 2026, Вс

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Өңір экономикасы тұрақты даму ырғағынан танбай, қаржылық көрсеткіштер оң динамиканы көрсетіп келеді. Үстіміздегі жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 111,4 пайызға жетті. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы мен негізгі салалардағы даму қарқыны егжей-тегжейлі сарапқа салынды.