15 Ноя 2026, Вс

ТОПЫРАҚ ПЕН СУ РЕСУРСТАРЫН САҚТАУ

Таразда суармалы және құнарсызданған жерлердің жағдайын жақсартуда фосфогипсті қолдану мәселесіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны «Қазфосфат» ЖШС, Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы дирекциясы және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.