Таразда ардагерлер ұйымының атқарған жұмыстары қорытындыланды. Ақпан мен қазан айлары аралығында аудандық кеңес жеті бағыт бойынша 82 іс-шара өткізген. Осы атқарылған жұмыстармен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов арнайы келіп танысты. Мәртебелі мейманға мекеменің тыныс-тіршілігі мен кітап қоры көрсетілді. Маңызды кездесуге Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова да қатысты.
Ақпараттық порталы

