15 Ноя 2026, Вс

«МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

Тараз төрінде жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты IX республикалық интеллектуалдық байқауы аяқталып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Қарашаның 2-сі күні «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында ұйымдастырылған ауқымды білім бәсекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылар қатысып, туған өлке тарихы бойынша өз зерттеулерін ортаға салды. Толығырақ әріптесім тарқатсын.