15 Ноя 2026, Вс

19 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ

19 қазан – Қазақстанда Құтқарушылар күні. Бұл – төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтап, қиын сәтте көмекке келетін мамандардың кәсіби мерекесі. Мереке қарсаңында түсірілім тобы күн сайын қауіп-қатерге қарамастан қызмет атқаратын мамандардың жұмыс барысын көріп қайтты. Назарларыңызға апаттар медицинасы орталығы дәрігерлері мен өрт сөндірушілердің бір күндік қызметін ұсынамыз.