15 Ноя 2026, Вс

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ЮСУФ АШРАПОВТЫ КҮТІП АЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы  Әлем чемпионатында еліміздің көк байрағын желбіретіп, топ жарған жамбылдық балуан Юсуф Ашрапов туған жерге оралды. Әлемдік додада қарсылас шақ келтірмеген саңлақты Тараз қаласының халықаралық әуежайында туған-туыстары, спорт сүйер қауым және жанкүйерлері ерекше ықыласпен, зор қошеметпен қарсы алды. Толығырақ әріптесім тарқатады.